Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті және мемлекеттік бапкер қызметінен кету туралы өтініш білдірді.
– Мен отставкаға кететінімді растаймын. Бірақ себебін әзірге айта алмаймын, – деді Артаев.
Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын Бақтияр Артаев әлеуметтік желідегі парақшасында қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің істі болып жатқанына қатысты жазба жариялаған.
Сонымен қатар ол Жұмагелдиевтің пандемия кезінде қазақстандықтарға көмектескенін атап өтті.