Кел, балалар, оқылық!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың денсаулығына, біліміне ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін атап өтіп, биылғы жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын. Себебі өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – әрбір аға ұрпаққа аманат етілген міндет.
Осы орайда жақында аудандық орталық кітапханалар жүйесіне арнайы бас сұғып, жас оқырмандардың танымдық деңгейін шыңдау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрап білдік. Мұнда балаларды қызықтыратын, оқуға құштарлығын арттыратын дүниелер молшылық екен. Кітапхананың библиографы Мадина Құлшынбаева бізге бүгінгі таңда кітап қоры жеткілікті екенін, сонымен қатар сөрелер балаларға арналған жаңа әдеби кітаптармен толығып жатқанын мәлімдеді. Ол Н.Айтұлының «Ауыл балалары мен қала балалары», С.Оспанның «Қоңырау», А.Рақышеваның «Балалықтың соңғы күні», А.Сәрсеновтің «Алақай», Ю.Серебрянскийдің «Қазақстан ертегілері», Т.Бейсембековтің «Зерек бала», С.Үсеннің «Қыранның балапаны», М.Жылқыбайдың «Тауға саяхат» атты кітаптары кез келген жас оқырмандарды мазмұнымен баурап алатынын айтып, библиографиялық шолу жасады.

Мақсат ЖҰМАБАЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.