«М.Өтемісұлы поэзиясын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері»
Орындаушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология және көптілді білім беру институтының
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенттері: Т.Ақниет, Н.Дария, С.Ақнұр, М.Нұрғалым
М.Өтемісұлы – заманымыздың заңғар ақыны, даңқты батыры, қазақ әдебиетіндегі, тарихындағы қайталанбас талант иесі. Жаужүрек ақынның поэзиясы XIX ғасырдың жаугершілік кезеңін, күйініші мен сүйінішін, халық өмірінің рухани-поэтиткалық шежіресін бек танытады. Тарихшы ғалым Т.Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі – рухани ұстазымыз, бірі – рухты ұранымыз» [1.56] деп ақынның болмысының өзегешелігін айтап еді.
Тәуелсіз елімізде М.Өтемісұлының шығармашылығын зерттеу, оның азаматтық болмысын танытатын ғалымдардың зерттеушілік еңбектері бүгінгі күнге дейін толассыз дами түсуде, ол зерттеулерде ақынның батырлық, жаугершілік сарындағы өлеңдерінің поэтикасы ғана емес, ақынның шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа жеткізу мазмұнындағы әдістемелік бағыттағы зерттеулер жан-жақты зерделенуде. Күні бүгінге дейін М.Өтемісұлының поэзиясын түрлі сипатта талдау зерттеулері, әдістемелік ғылыми еңбектер өз бағасын алып отыр. Махамбеттану ғылымын зерттеушілер: Қ.Жұмалиев, Қ.Аронов, Қ.Жүсіп, Қ.Мәдібаева, Ж.Оразова, А.Берқайыр, Б.Адамбаев, И.Кенжеалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерінің алатын орны зор. Дәуір жылжып, уақыт озған сайын «Махамбеттану» ғылымының салалары мен бағыттары өзіндік дара үрдіс алып, даму үстінде. Десек те, ақынның поэзиясы жас ұрпаққа жеткізу, оқыту – кезек күттірмейтін келелі мәселе екені айтпаса да түсінікті. Яғни, ақынның шығармашылық мұрасын әдістемелік бағытта жүйеге салу, әдістерді ықпалдастыру әдіскер ғалымдардан білік пен білім тәжірбиесін талап етеді. М.Өтемісұлының батырлық болмысын қазақ халқының табиғатымен байланыстыра, қазіргі ЖББМ-дағы технологиялық өрістерді пайдалана отырып ақынның мұрасын жаңа қырынан таныту, өзегеше таныстыру өзекті мақсатқа айналып отыр.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу жұмысының барысында М.Өтемісұлының шығармашлық мұрасы – поэзиясының көркемдік ерекшелігін танытуда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері («ПОПС» формуласы, «Төрт сөйлем» әдісі) қарастырылып, сонымен қатар ақынның поэзиясын талқылау барысында аннотациялық талдау, мәтінді меңгерту, әдеби талдау түрлері жасалынып, образды талдау және т.б талдаулар шығарманың көркемдік идеясын ашып, көркемдік ерекшелігін таныта түсті. Сол сияқты салыстыру, жүйелеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапты.
Талдау мен нәтижелер.
М.Өтемісұлы поэзиясы – заманның шері, батырлығы мен қайсарлығы, ерлігі мен үмті аралас қуатты жырлар. «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым», «Ерлердің ісі бітері ме?», «Қызғыш құс» сынды өлеңдері оқушылардың ойына қозғау салар, париоттық рух беретін, тәрбиелік сипаты басым, ең бастысы: өткен дәуірдің сезімін сыйлар шығармалар.
Жалпы орта білім беретін мектептерде ақынның мұрасын таныту екі түрлі кезеңнен тұрады деп есептейміз.
1. 5-7 сынып оқуышыларының әдебиет оқулықтарындағы материалдар.
2. 9 сынып оқушыдарының әдебиетіндегі кеңінен оқытылатын өлеңдер топтамасы.
Демек, ақынның мұрасының оқытудың алғышарты: жас ерекшелік кезеңіне байланысты, яғни, оқушының санасына, түсіне алуына (интерпретация) байланысты екенін көреміз. Бұл – дұрыс жол. Ақынның өлеңдері ауыр сөз тіркестеріне, эмоцияналды бояуларға, түйдек-түйдек философиялық ойларға толы. Сондықтан да ақынның поэзиясын оқыту алдымен осы «саналылық принципінен» бастаулы қажет. Бұл жалпы кең тұрғыдан саралғандағы обьективті тұжырым. М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» еңбегінде: «…характерлер қатынасқан күрес-тартыстар ғана шығарманы кең құлашты, масштабы етеді. Характерінің бір ғана қырынан көрінген адам кесек бейне бола алмайды, ол үшін кейіпкерді барлық қырынан жан-жақты талдау керек» [2. 48.