Жаңа жер теліміне айшабибіліктер үй сала бастады
Мектеп құрылысынан кейін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов білім ордасы маңындағы 382 азаматқа берілген жаңа тұрғын үй алқабын көрді.
Бүгінде ауыз су, электр жарығы, газ желісі тартылған жер телімінің көшелеріне қиыршақ тас төсеу жұмыстары аяқталған.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа жер теліміндегі 28 шақырымға электр жарығын, 11 шақырымға газ желісін тартса, «Ремстрой-СС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7,5 шақырымға ауыз су құбырын тарту жұмыстарын аяқтаған.
Ал «Жаңа-Кемер-Құрылыс» ЖШС 9,4 шақырымға қиыршық тас төсегенін жеткізді.
Жер телеміндерін көрген Нұржан Молдиярұлы ауылдықтар тұрғын үй салу жұмыстарына ертерек кірісу қажеттігін алға тартып, жұмыстарды жүйелеуді жергілікті әкімдікке тапсырды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі