Н.Нұржігітов: Биыл қант қызылшасынан мөл өнім аламыз

Облыс әкімі Н.Нұржігітов қызылша алқабында болды

Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Ақкөл» шаруа қожалығының пияз алқабын аралап, шаруа қожалық иесі Алтынбек Керімқұловпен тілдесті.

Егін шаруашылығымен айналысып қана қоймай, жұмыстарға жергілікті тұрғындарды жұмылдырып отырған шаруа қожалық туралы айтқан аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бүгінде шаруа күздік бидайды 110 гектарға, жаздық арпаны 100 гектарға,
мақсарыны 110 гектарға, қант қызылшаны 50 гектарға, пиязды 230 гектарға, 210 гектарға көпжылдық шөпті, сүріні 292 гектарға орналастырғанын тілге тиек етті.
Шаруа қожалықта 5 дана МТЗ, 1 К-700, 1 ДТ-75, 2 жүк тасымалдаушы, 2 астық комбайндары, 12 дана әртүрлі
ауылшаруашылығы
техникалары бар.

  • Бітік өскен қант қызылшасы алқабын көрген аймақ басшысы биыл қант қызылшасынын өнімі көңіл көншітерлік екенін айтып, ысырапсыз өткеру қажеттігін алға тартты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.