Күні кеше аудандық ХҚКО-да қызмет көрсету сапасын арттыру, аудан тұрғындарын өздігінен электрондық қызметтерді алуға үйрету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және т.б. мәселелер талқыланды.
ХҚКО-ның бөлім басшысы Әділет Досмаханбетұлы жиынның басты тақырыбы – ХҚКО қызметкерлерінің жұмыс істеу принциптерін дамытып, оларды азаматтарға жақын ете түсу екенін айтып өтті.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» негізгі идеологиясы сол, сіздер – азаматтардың көмекшісі қорғаушысысыздар. Яғни, сізге көмекке жүгінген азамат сапалы қызмет алуы қажет. Тіпті, мемлекеттік орган тарапынан туындаған мәселеге орай, азамат қандай да бір қызметті ала алмаған жағдайда, сіздер барынша көмек көрсетулеріңіз керек. «Бір терезе принципі»-деген осы,- деп нақтылады Әділет Әлиев.