ХҚКО- ДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН

Жамбыл ауданына қарасты ХҚКО-да бөлім қызметкерлерінің қатысуымен кезекті келелі жиын өтті.

Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Ғарифолла Әмірбеков, ХҚКО-басшысы Әділет Әлиев қатысты.

Кездесу «Адами қасиет, адалдық, парасаттылық, жемқорлық пен параның қасіреті» тақырыптарында өрбіді.

Ғарифолла Әбірбеков қызметкерлерге күнделікті өз тәжірибесінде кездесіп жатқан жайттарды атап, мысалы, экстремисттік топқа адамның жасына, әлеуметтік жағдайына, мамандығына қарамастан, яғни қоғамда әртүрлі адамдардың заң алдында жауапкершілікке тартылғандығын, бүгінде абақтыда жазаларын өтеп жатқандығын да түсіндірді.

Кездесу барысында көптеген келелі мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар, осы бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатындығына сенім білдірді.

Аудандық ХҚКО баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.