Жуырда аудандық ХҚКО-да өтініш берушілер құжаттарының нөмірлері мен орнату деректеріндегі айырмашылықтарға байланысты басқосу өтті. Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ж.Арықбаев мекеме қызметкерлеріне енгізілген деректердің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін егжей-тегжейлі тексеру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жиында мерзімі өткен құжаттар бойынша өтініштер беру, шетелдік азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімі жайы сөз болды.
Іңкар Сүлеймен, аудандық ХҚКО-ның жетекші маманы.