Жамбылдықтар шабдалы өсіруде

Жамбыл облысында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шағын және орта кәсіп иелеріне қолдау көрсету мақсатында кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жеңілдетілген несие немесе жер учаскесі берілкде. Мәселен бүгінде Қаратөбе ауылдық округнде кәсіпкер шабдалы өсіруді қолға алуда.

Көлемі кәдімгі сұрыптан бірнеше есе үлкен әрі өнімді де еселеп береді. Бағбан шабдалыны өсіріп қана қоймай, одан бірнеше түрлі өнім шығармақ. Жеке кәсіпкер түрік сұрыпын жерсіндірген. Жамбылдық кәсіпкердің өсіріп отырған мына шабдалысы, өзгелерден өзгерек. Түркияның «Марс» деп аталатын тұқымы біріншіден, 2 есеге дейін үлкен, одан кейін өнімділігі де өте жоғары. Шаруа мұны бірнеше кезеңдік зерттеулерден кейін Жамбыл жеріне жерсіндірген. Кәсіпкердің айтуынша, келер жылы гектарына 30 тоннаға дейін өнім алады екен. Бұл – Жамбыл ауданында орналасқан Құлманбетовтер әулетінің бағы. Көшкінбай Байсарұлы шабдалы өсіруді бірнеше жыл бұрын бастаған. Бұл алғашқы өнімі. Қара талдан ризық көрем деген қария ұзақ зерттеуден соң 3 түрлі шабдалы сұрыпын отырғызған. Бүгінде бойы 2 метрге жуықтаған шабдалының әр талы 25-30 келіден өнім беруде. Сұраныс та көп. Бағбан жемісті өсіріп қана қоймай, алдағы уақытта түрлі өнім шығаруды жоспарлап отыр. Көшкінбай Құлманбетов, бағбан: – Мұны тек шабдалы ретінде емес, бұны әрі қарай шабдалының шырыны, шабдалының варьенесі, шабдалының джемі. Сондай нәрселерді өңдейміз деген, өңдеу цехын дайындап жатырмыз. Оның проэктісі жасалып қойған. Польшамен контрактіміз бар. Серіктестік 3,5 гектар шабдалыдан бөлек, 16 гектарға алша, тағы 50 гектарға алма еккен. Бүгін өнімін жинауда. 30 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық жұмыстарға 70-ке жуық адам тартылады. Шаруа жоспарлы жұмыстар жүзеге асса, жұмысшылар санын 100-ге жеткіземін дейді. Ал аудан әкімдігі тарапынан 2 мың тонналық жеміс сақтайтын мұздатқышқа жеңілдетілген несие берілген. Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі: – Ауылшаруашылық басқармасы арқылы жаңағы 6 пайызбен несие беріледі. Одан бөлек жаңағы істеп жатқан, инвестиция салып жатқан жұмыстарына мынау капельный тамшылатып суғару әдісін қолданады. Соған құрал жабдықтар алып жатады. Оның барлығы 25 пайыз мемлекет тарапынан төленеді. Жергілікті билік ауладан кәсіп ашқысы келетіндерге басымдық беріліп отырған айтуда. Жұмыс істеймін деген жан болса, әкімдік құжаттама мен мемлекеттік көмекті алу үшін қолғабыс етпек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.