Көл болса, балық өсір, пайдасы оның көл-көсір

Еліміздің агроөнеркәсіп ке­шенінің маңызды бір саласы – балық шаруа­шылы­ғын дамыту ісі ерекше қол­дауды қажет етуде. Алай­да балық өнімдерінің көп бө­лігінің көлеңкелі айналымға кетуінен және істің қырын білетін білікті мамандар тапшылығынан туындайтын қиындықтар мемлекеттік деңгейде көңіл аударатын мәселеге айналды.«Қан мен тер» дәуірін айтпа­ған­­ның өзінде, өткен ғасырдың тоқ­­­саныншы жылдарына дейінгі кезеңді елімізде балық шаруа­шы­лы­ғының дәуірлеген кезі болды десек қателеспейміз. Мәселен 1991 жылы елімізде балық аулау мен ба­лық өнімдері өндірісінің жалпы кө­лемі 80 мың тоннадан асқан. Оның ішінде тоғандық балық аулау 10 мың тоннаға жуықтаған. Бар­лық облыстарда балық зауыттары мен ба­лық комбинаттары, басқа да кәсіп­орындар тиімді жұмыс істеге­нін аға буын ұмыта қойған жоқ. Оның үстіне Кеңес одағындағы респуб­ликалардың үшеуінде ғана Балық ша­руа­шы­лығы министрлігі болса, со­ның бірі біздің елімізде еді. Өкі­нішке қарай, еліміз нарықтық жүйе­ге бет түзеген кезеңде эконо­ми­ка­ның жетекші саласына ай­нал­ған балық шаруашылығы құл­дырауға ұшырады.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмаларында бұл салаға ерекше назар аудартып отыр. Мысалға, Жамбыл ауданыда 5 ірі балық шаруашылғы дамыған. Соның бірқатары шабақтарды шет мемлекеттерге саудалауда.

Жуырда Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов округке қарасты Жасөркен ауылындағы балық шаруашылығығымен айналысатын «Арнұр» (басшысы Сауранбаев Руслан) және «Жасөркен-1» (басшысы Ешенқұлов Руслан) балық шаруашылықтарының жұмысымен танысты. Кәсіпкерлер балық шаруашылығымен қоса тұрғындарға  демалыс орталығын қоса ашқан. Демалыс орталығы күніне 70-80 келушіні қыбылдауға қауқарлы.Қазіргі таңда «Арнұр» балық шаруашылығындағы барлығы 14 бассейнде фарель, сазан, тұқы балығы өсіріліп, 2021 жылы 110 тонна тұқы, 80 тонна форель балығын өткізген. Өнімдер Алматы, Шымкент, Тараз қалаларына сатылымға жіберілуде. Сонымен қатар балық шаруашылығы жергілікті 4 ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. «Арнұр» және «Жасөркен-1» балық шаруашылығы 2022 жылға 100 тонна тұқы, 1 млн дана фарель және 2000 дана сазан шабақтарын жіберуді жоспарлап, ағымдағы жылға  100 тонна тұқы, 160 тонна форель балығын алуды көздеп отыр.

Ауыл әкімі кәсіпкерлерден туындап отырған мәселелерін сұрап, заң аясында кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қолдау алуға болатын шарттарды түсіндірді.Кәсіпкерлер алда балық шаруашылығын одан әрі дамытуға ниетті екендігін, «Арнұр» балық шаруашылығының алда 3 көлшік және 15 бассейн салып, фарель балығының өнім көлемін 150 тоннаға арттыру туралы жоспарларын алға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.