Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Сол жылдың күзінде жұмысымды бастап, қайтарымсыз грантқа алған құрал-жабдықтарымды сынақтан өткіздім. Ол үшін бір кәсіпкермен келісе отырып, оның алма бағында қақ жасадым. Нәтижесі жақсы болды. Өткен жылы бір бақ қожайынымен келісе отырып оған 1 тонна қақ жасап бердім. Сөйтіп қақтың 30 пайызын өзімде қалдырдым. Қыс түскекнде қақтың 1 килограмын 400 теңгеден өткердім.
Бір айта кетер жайт, жемістің, көкөністің, балықтың кептіру технологиясы әртүрлі. Әрқайсысын әр температурада кептіру қажет. Бүгінде оның да қыр-сырына машықтанып жатырмын.
Мемлекеттің грантына ие болғаннан кейін, қаржының үстіне 900 мың теңге қосып, Қырғыз Республикасынан жеміс-жидек, көкөніс кептіретін құрылғы тағы сатып алдым. Аппарат саны төртеу, оның бірі буып-түйсе, қалғаны кептіруге арналған. Бір кемшілік, жемісті турайтын, кесетін аппаратқа кезінде қаржым жетпегендіктен, бұл жұмыстар қазір қол күшімен атқарылуда.
Осы саладағы ендігі бағытым – қауанқақ жасап, оны нарыққа шығару. Жұбайым биыл 2,5 гектар алқапқа қауын еккелі отыр, содан қауынқақ жасау жоспарымызда бар. Сонымен қатар маңайдағы қауын-қарбыз егетін диқандармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жалпы бұл құрылғы арқылы жеміс пен көкөністің жүзге жуық түрінен қақ жасауға болады.
Тіпті бұл құрал-жабдықтармен балық, банан кептіріп те көрдік. Алдағы уақытта кептірілген нан өнімдерін шығарумен де айналысуға ниеттімін. Жұбайым екеуміз үш бала тәрбиелеп отырмыз. Қазір осы кәсібім арқылы екі адамды жұмыспен қамтыдық.
Бастаған іске білек сыбана кіріссең, ертелі-кеш өзнәтижесін береді екен.
Ақмарал Батырбекова, кәсіпкер.