Құтыру ауруымен көбінесе үй жануарлары, жабайы аңдар, кеміргіштер, құстар ауырады. Соның ішінде ауруды адамға тез жұқтыруға бейімдісі – ит, мысық, қасқыр, шибөрі, түлкі. Бұл ауру адамға жануарлар тістегенде, тырнағанда жұғады. Соңғы 5 жылда ауданымызда құтыру ауруы тіркелген жоқ, дегенмен жануарлардың тісінен, тырнағынанжарақат алғандар көптеп кездеседі.
Адамда аурудың алғашқы белгілері қауып алынған жерде бұлшықеттің дірілдеуі, қышуы, ауыруы ретінде байқалады. Аурудың алғашқы уақытында себепсіз мазасыздық, қорқыныш, сәуле және дыбыс қоздырғыштарына өте жоғарғы сезімталдық, дене қызуы байқалады. Ауру күн санап күшейіп, сал ауруы пайда болады. Дем алу және жүрек-қантамырлары қызметі тоқтаған кезде адам қайтыс болады.
Жамбыл ауданында 2019 жылы 312 адамды, 2020 жылы 240 адамды, 2021 жылы 260 адамды үй жануарлары тырнап, тістеген. Ал 2022 жылдың 10 айында үй жануарларынан 231 адам зәбір көрген. Зардап шеккендер уақтында медициналық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы екпе ектірген. Үй жануарларының тісінен жәбірленген 231 адамның 105-і иесі жоқ қаңғыбас ит-мысықтан, қалған 126-сы егесі бар үй жануарларынан зардап шеккен. Ауданымызда егесі жоқ қаңғыбас иттерді жою жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Алайда оның азаймай отырғанын аңғаруға болады.
Жануарлар арасында құтыру ауруының қозатын мезгілі – көктем және күз айлары. Ауырған жануарлар еш себепсіз адамдарға немесе көрінген жануарларға шабуыл жасайды, тістейді, тырнайды. Құтыру ауруымен ауырған жануарлар жарықтан, судан қорқады, дем алысы қиындап, аузынан сілекей-көбік ағады. Мұндай жағдай құтыру ауруын жұқтырған адамда да болады. Адамның басын, бетін, мойнын, құлағын, алақан, аяқ-қол саусақтарын, шат аралығын құтырған жануар тістеген жағдайда ауру қоздырғышы адамның бас миын зақымдайды. Аурудың белгілері 10 күннен 90 күнге дейінгі аралықта байқалады. Адам ауырғанда дене тітіркену, шошу, қорқу болады. Дем алуы қиындайды, дене қызуы көтеріліп, мазасызданады. Құтыру ауруынан айығудың бірден-бір жолы – дер кезінде дәрігерге көріну, құтыруға қарсы екпе ектіру.
Сондықтан да үй жануарларын ұстау ережелерін қатаң сақтау керек. Көшеден өтіп бара жатқан адамды тістеп алмау үшін итті бос жібермей, өз аулаларыңызда байлап ұстаған абзал.
Үй жануарлары ауырған жағдайда неме с е о сы аурудың белгілері байқалған жағдайда оны оқшаулап, ветеринариялық мамандарды шақыру керек.
Prev Post
Next Post