ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНДА ӨСІМ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 5 айында жалпы көлемі 2 млрд 230,8 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 88,9%-ды құрады (2022 ж – 2 млрд 508,6 млн. теңге). Ал нақты көлем индексі 85,7%.
2023 жылы аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен барлығы 3,5 млрд. теңгеге 27 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде облыстық құрылыс басқармасының қаржыландыруымен 3 жоба 655,9 млн. теңгенің жұмысы жүргізіледі. Аудандық бюджет арқылы 2,8 млрд теңгеге 24 жоба қаржыландырылады,
Бұдан бөлек, 82,4 млн. теңгеге 20 нысанға жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
2023 жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд. 894,4 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ды құрады (2022 жылы – 17 млрд. 814,4 млн. теңге).
Нақты көлем индексі 39,2%-ға жетті.
Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 66 892 теңгені және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,1%-ды құрады (2022 жыл– 202 167 теңге). 2023 жылдың 5 айында бөлшек сауда тауар айналымы 6 млрд. 109,2 млн. теңге немесе 117,9% болды (2022 жыл–5 млрд 439,0 млн. теңге). Нақты көлем индексі 117,9%-ды құрады. Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 12 млрд. 925 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 67,4% болды. (2022 жыл– 19 млрд. 164,6млн. теңге). Нақты көлем индексі 94,9%-ды құрады.
Орташа айлық жалақы көлемі 313 520 теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,2%-ды құрады (2022жыл– 244 550 теңге).