149 МАМАННЫҢ ТҰРҒЫН ЖАЙЫНА НЕСИЕ БЕРІЛДІ
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009-2022 жылдар аралығында ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген 316 маманға жалпы сомасы 56,8 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдем ақы берілді. Сонымен қатар, 2010-2022 жылдар аралығында мамандарды ауданға тұрақтандыру мақсатында 149 маманға жалпы сомасы 479,4 млн. теңгені құрайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді. 2009-2022 жылдар аралығында 32 маман (29 көтерме жәрдемақы, 3 кредит алған мамандар) келісім шартты біржақты бұзды (оның ішінде 21 денсаулық сақтау саласы, 6 білім беру саласы, 1 мәдениет, 1 спорт, 3 ветеринар саласы мамандары).
29 көтерме жәрдемақы алған маманның 20-ы келісім шартты бұзу уақытында қаржысын қайтарды, қалған 9-ы сотқа берілген, оның ішінде 5 маман сот арқылы қайтарды, 2 маманның ісі сот орындаушыда, 1 сот үйғарымы шыққан, 1 маманның құжаты сотқа жолданды.
3 бюджеттік кредит алған маманның 3-уі де сотқа беріліп, 2 маман сот арқылы қайтарды, 1 маманның ісі сот орындаушыда.
2023 жылға 20 маманға (5 денсаулық сақтау, 7 білім беру, 2 мемлекеттік қызметкер, 2 мәдениет, 1 спорт, 2 агроөнеркәсіп кешені) жалпы сомасы 6 900,0 мың теңге көтерме жәрдемақы,
4 маманға (2 білім беру, 2 денсаулық сақтау ) жалпы сомасы 20 700,0 мың теңгеге бюджеттік кредит беріледі.
Бұл өз кезегінде ауданға қоныс аударған жастар мен өз мамандық иелеріне .лкен қолдау болып табылады. Сондай-ақ комуналдық төлемдеріне жеңілдіктер қарастырылып отыр.