«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН 45 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН 45 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 тіректі, 10 спутниктік елді мекенде 1,9 млрд. теңгеге 45 жоба іске асырылады.

Атап айтқанда Айшабибі, Гродиково, Пригородное, Өрнек, Қаракемер ауылдарындағы спорт кешенінің құрылысын аяқтауға және Бесағаш ауылынан спорт кешенінің құрылыс бастауға 943,3 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар 727,4 млн. теңгеге 4 ауылдық округке қарасты 6 елді мекеннің 37 ауылішілік көше жолдары жөндеуден өткізіледі (36,4 шқ).

Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйі және Ақбұлым мәдениет үйінің құрылысына 277,7 млн. теңге бөлінді.

Жыл ішінде осы жобалар шеңберінде 120 аса адам уақытша және 50 жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Мемлекеттік сатып алу конкурсына Бесағаш ауылындағы спорт кешенінің құрылысы бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына ұсынылды, 37 ауылішілік көше жолдарын аудандық құрылыс бөлімі арқылы ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ 2023 жылдың 5 айында тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 117,8%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларды тұтыну индексі 120,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар 118,4%-ды және ақылы қызметтер 112,9%-ды құрады.

Бағалардың өсуіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде, 2023 жылдың наурыз айында аудан көлемінде 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің ішінде: пияз кг 61 теңгеге немесе 43,9 пайызға өскен. Аудандағы 17 ауылдық округтегі шағын сауда орындарымен негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты түрде ұстап тұру және үстеме бағаны көп мөлшерде қоспау туралы 164 меморандумға қол қойылды. Аудандағы жұмыс істеп тұрған 27 АЗС-те жанармайдың орташа бағасы төмендегідей:

АИ-92 – 200 теңге.

АИ-95 – 215 тенге.

Дт –295 теңге.

Ауданда қоймалары бар екі оператор тіркелген / «Таң» және «Самойл» ЖШС- теры/. Ондағы қалдық:

АИ 92 бойынша 759 тонна;

АИ 95 46 тонна;

Дизель отыны 217 тонна жетіп отыр

Leave A Reply

Your email address will not be published.