ӨРНЕКТІҢ ҚҰЛПЫНАЙЫН-АЙ
Қалта томпайтамын деген азаматқа мемлекетіміз түрлі жобаларды ұсынып, кәсіп ашуға мүмкүндік көзін көрсетіп отыр. Соның бірегейі – «Ауыл аманаты» жобасы. Бүгінде тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған жобаның ертеңі мен бүгіні өміршең екенін ауыл-аймақтағы тұрғындардың еңбегінен-ақ аңғаруға болады. Пайыздық мөлшері ең төменгі несие арқылы тұрғындар көкейінде жүрген түрлі жобаларды іске асырып, ризық-несібесін арттырып отыр.
Жоба аясында 2,5 пайызбен 6 млн теңге алған өрнектің Дидар бүгінде жылыжай салып, үй іргесінде 8 соттық жерге құлпынай орналастырды. Бүгінде жарты тонна өнім алған кәсіпкер 2 мың теңгеден әр келісін саудалауда. Жұмысқа жұбайы, бала шағасы жұмылдырылған. Алғашқы өнім алғаннан кейін құлпынай тұқымын демалдырылып, сабақтары қысқартылады. Мұнан соң тұқым қайта өнім бере бастайды. Суару жұйесіде жүйелі жолға қойылған. Жер құдық арқылы алдымен үлкен цистерна суға толтырады. Күн көзінде тұрған су қоңырсалқын күйде құлпынай арықтарына жіберіледі. Алғашқы өнімнің ризығын алған кәсіпкер алдағы уақытта өнім алқабын кеңейтуді жоспарлап отыр. Оның үстіне дәмі тіл үйіретін құлпынайға деген сұраныс жоғары көрінеді. Құлпынайды аудан орталығына және жергілікті елді мекен тұрғындары талап алып кететін көрінеді. Өрнек ауылдық округінің әкімі Қанат Темешбаев округте несие алған азаматтардың басымкөпшілігі мал, егін шаруашылығына назар аударғанын, жылыжай салуға екі азамат білек сыбана кіріскенін айтады.
Аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Амановтың айтуынша, 2023 жылы қаржыландыруға Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтері жоспарланған. Үш округте 8626 тұрғын, 1653 аула саны бар. Ауыл азаматтарының 336 жобасын жүзеге асыруға 1 млрд 641 млн 512 мың теңгенің қажеттілігі бар. Бүгінде тұрғындар құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Ал өткен жылы қолдау тапқан Өрнек ауылындағы 89 жобаға 366 млн теңге, Қаракемер ауылындағы 166 жобаға, 863 млн теңге қаржы берілген.