КІТАПХАНАШЫЛАР БІРҚАТАР КЕҢЕС АЛДЫ
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде библиограф Мадина Күлшимбаеваның ұйымдастыруымен цифрландырылған ақпараттық орталықтар арасында «Оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа технологияларды қолдану» атты кеңес беру семинар тренинг өтті.
Семинарға аудан әкімдігі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің маманы Индира Абиева, аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы Ербол Оразбекұлы және Айшабибі, Өрнек, Тоғызтарау, Ерназар, Тастөбе, Бесағаш, Гродеково, Шайқорық, Ащыбұлақ, Бектөбе, Еңбек, Бірлесу-Еңбек, Ақбұлым, Қызылқайнар, Қараой, Қаракемер, Жалпақтөбе, Жасөркен, Шайдана, Қоңыртөбе және аудандық орталық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинарда Еgov.kz порталы арқылы анықтамалар беру қызметі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскер Аякөз Әділованың ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында семинар болып өтті.
Семинарда Шайдана, Ащыбұлақ, Тастөбе және Гродеково ауылдық балалар кітапханаларының 2023 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, іс-шаралар бойынша слайдтар назарға ұсынылды. Семинарда кітапханашылардың жұмыс барысы жан-жақты сараланып, кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жинақ папкілері көпшіліктің қарауына ұсынылды.
Сонымен қатар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Қарлығаш.Байкеева кітапхана саласының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысын түсіндіру мақсатында құжаттама жасау, құжаттарды дайындау және ресімдеу тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Іс-шара барысында желілік кесте, хаттама жазудың үлгілеріне, сонымен қатар сөйлемдерді құрастыруда мағыналық пен сауаттылыққа баса назар аударуға басымдылылық берілді.