Әлеуметтік сыйқалталар табысталды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті өмірінде кездесетін қиындықтар туралы хабардар болу үшін елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі оларға мейірім сыйлауға үндейтін мереке ретінде аталып өтіледі.

Осыған орай ауданымызда айтулы күн қарсаңында мүмкіндігі шектеулі жандардың көңіл-күйін көтеру, оларды қуанышты ету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты мамандары бұл жолы да жылдағыдай ауылдық округтердегі болмысымен ерекшеленген жандарды үйіне арнайы іздеп барып, оларды мерекесімен құттықтады. Өздерімен бірге алып келген әлеуметтік сыйқалталарын табыстады.
Айта кететін жайт, бүгінде аудан бойынша 2850 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде I топтағысы – 209, II топтағысы – 804, III топтағысы – 1335. 16 жасқа дейінгі балалар саны – 502. Оларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне, инватакси қызметіне, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ағымдағы жылға 131877,0 мың теңге қаражат бөлінген. Жүріп-тұруы қиын I топтағылар үшін жеке көмекші қызметіне тіркелген 150 өтініштің барлығы қаралған. Ымдау тілі маманына түскен 18 өтініш әлеуметтік қызметтер порталына жолданған.

Ильяс Қалыбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.