Ардагерлер — қоғамның темірқазығы

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудандағы ардагерлердің басын қосып, кездесу өткізді.
Кездесуге Жамбыл ауданындағы ауылдық округтердің ардагерлер кеңесінінің төрағалары, билер кеңесінің мүшелері қатысып отырды.

Ерлан Қыдыралыұлы ардагерлердің қоғамға қосып жатқан үлесін өлшеусіз екенін айтты.
Ауыл ақсақалдарын ауылға қажетті мәселелерді көтеруге шақырды.

– Баршаңызды ең алдымен күні көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз — Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Осынау Тәуелсіз елімізде ардагерлеріміздің, зиялы қауым өкілдерінің қоғамда алатын орны ерекше әрі маңызды деп білемін.
Себебі, өскелен ұрпаққа тәрбие беріп, жол көрсететін, бағыт-бағдар беретін осы Сіздердей қазыналы қарияларымыз екендігі сөзсіз.
Жалпы, Жамбыл ауданы бойынша Ардагерлер кеңесінің жұмыстары бір жүйеге келтілірген және тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Құрметті аудан ардагерлері!
Өзімінің жұмыс бағытындағы алғашқы кездесуімді сіздермен жүздесуден бастағанды жөн көрдім.
Сіздердің ұсыныс — пікірлеріңізді тыңдап, ой бөлісіп, тұрғындардың сапалы өмір сүругіне бағытталған жоспарларды келісе отырып, елді мекендердегі өзекті мәселелер төңірегенде ойларыңызды білсем деген пікірдемін.
Жалпы өздеріңізге белгілі, ауданда арнайы ардагерлер үйі ашылған. Онда барлық мүміндіктер қарастырылып, толық жабдықталған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандық ардагерлер кеңесі облыста бас жүлдені жеңіп алғандығы жөнінде де хабардармын. Бұл жеңіс үлкен абырой, үлкен жетістік. Бұл жетістіктің артында барлықтарыңыздың еңбектеріңіз бар. Себебі бір отбасындай бірігіп, ауызбірлікте, ынтымақта ұйысып жұмыс атқарып келесіздер, — деді өңір басшысы.

Өз кезегінде өңір ардагерлері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, мағыналы жиынның бастауы болды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.