Қарасуда көшелерді асфальттауға ұсыныс берілді

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қарасу, Көлқайнар, Ақбастау ауылдық округтерінің әкімі Самат Селеубаев, Асылбек Қонаров, Нұрсұлу Дүзеевамен бірлесіп, ауыл тұрғындары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы жүзеге асырылатын игіліктер жөнінде есеп берді.

КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНСА, БАҒАНАЛАР АУЫСТЫРЫЛСА ДЕГЕН ТІЛЕК БАР

Ащыбұлақ ауылдық клубында өткен жиында өңір басшысы Жамбыл, Жылқыбайұлы және «Шайдана-Алмаз» ашық алаңындағы жасанды тоғанды ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік нақтылауға ұсынылғанын баяндамасында тілге тиек етіп, ауылдықтардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен, ащыбұлақтық Шымырбай Тубаев Үкібаев, Қапал көшесінің тұрғындары үлкен жолға жетуі машақат екенін, жауын-шашын күндері жол батпақ болатынын, каналдың бойына шағал төсем төсеу керектігін, «Аэропорд» алқабына су жеткізу үшін су қағар орнату керектінін алға тартса, шайданалық Еркін Юсупов С.Көпбергенов көшесіндегі бірқатар электр бағанасы ауыстыруды қажет ететінін қаузады. Ауылшаруашылығы саласында көп жылдар бойы еңбек еткен Алиомар Есенаманов Ащыбұлақ пен Шайдана елді мекендеріне жеке мұрап керектігін айтты. Ал ауыл азаматы Айтмұханбет Исақов кәсіп ашуға ұсынысын және мал жайылымдағы мәселелерді ортаға салды.

Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы көтерілген сауалдарды назарға алынып, хаттамаға еңгізілгенін, жұмыс барысы қосымша ақпараттандырылатынын жеткізді.
Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Арқабай Алдашев аудан әкімі мен ауыл әкімінің бірлескен есебіне қанағаттандырарлық деген бағасын берді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.