Арубаев: Биыл жер кезегінде тұрған 2400 тұрғынға жер телімін береміз

 

Шу ауданында халық саны жылдан жылға өскенін ескерсек, тиісінше тұрғындардың жерге деген қажеттілігі артып отыр.

Бүгінгі аппараттық кеңесте аудан әкімі Сәкен Арубаев Шу қаласы мен Төле би және Алға ауылдарындағы тұрғын алқаптарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын талқылады.

Бүгінде Шу қаласында 5938 тұрғын кезекте тұрса, биыл 1449 тұрғынға жер берілетін атап өтті өңір басшысы.

– Сонымен бірге, жақын күндері Алға ауылдық округінен де 219 жер телімі ел игілігіне беріледіАл аудан орталығында 800 аса тұрғын жер теліміне қол жеткізеді. Айта кететін жәйт, жер телімін алған тұрғындар үш жылдың ішінде үйдің құрылысын салуға міндетті. Олай болмаған жағдайда, әкімдік жер телімінің қайтарып, кезекте тұрған келесі азаматқа беретін болады. Сондықтан да жерге қол жеткізген тұрғындар уақыт оздырмай үйдің құрылысын бастап кетуі тиіс. Алдағы уақытта кикілжің туындамауы үшін қала мен ауыл әкімдеріне дәл осы мәселені тұрғындарға жан-жақты ескертіп, түсіндіру керек,-деді Сәкен Қаланұлы

Сонымен қатар аудан әкімі Сәкен Арубаев тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне аудандағы шағын инвестициялық жобалар бойынша тыңғылықты жұмыс істеп, нақты нәтижеге қол жеткізу керектігін ескертті.
Одан бөлек, елді мекендердегі жұмысты жүйелеу мақсатында атқарылған жұмыстар негізінде ауыл әкімдерінің рейтингін қалыптастыру да қолға алынбақ.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.