Аудан құрамасы облыс біріншілігінде топ жарды

Таяуда Тараз қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Президенттік тест спорт түрлерінен облыс біріншілігі өтті. Дүбірлі додада Тараз қаласынан және аудандардан келген құрама командалар сынға түсті.

Солардың арасынан Жамбыл ауданының оғландары сытылып алға шықты. Яғни тиісті спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарда топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Ауданға ортақ жеңіске Расул Бекташев, Настя Черенкова, Мадина Юнусова, Тоты Абдуллаева, Шахадат Багизова, Нұрислам Жамбыл, Аңсар Мұстафа, Серғали Сатыбалды, Нұржан Қазбеков, Нұрзат Алтеев, Лесбек Үзенбаев, Бектемір Маделбаев есімді әуесқой спортшылар үлес қосты. Сонымен қатар аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайтар Ержігітов пен команданың жаттықтырушысы Келімжай Ниязымбетовтің де есімдерін ерекше атап кеткен жөн.

Бағдат Нұсқабеков,
аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.