Ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерлерінің санының 10 есе артуы – еліміздегі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижелерінің бірі. Бұл көрсеткіш ауыл балаларының білім мен ғылымда өз қабілетін толық көрсетуіне мүмкіндік артып келе жатқанын аңғартады
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы біршама азайып келе жатқанын атап өтті. Соңғы жылдары ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа мектептер салу және білім беру жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Мұның барлығы оқушыларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік беруге бағытталған.
Оқушылардың халықаралық деңгейдегі жетістіктері де көңіл қуантады. Былтыр қазақстандық жас өрендер 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жобаға қатысып, мыңнан астам медаль жеңіп алды. Мұндай жетістіктердің артында оқушының талабы мен еңбегімен қатар, оны дайындаған ұстаздардың қажырлы еңбегі тұр.
Президенттің «Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет» деген сөзі де осы тұста ерекше мәнге ие. Себебі шәкірттің жетістігі – мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Ауылдағы ұстаздар да талантты оқушыларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға үлкен үлес қосып келеді.
Алайда қол жеткізілген нәтижелермен шектелуге әлі ерте. Ауыл мектептеріндегі білім сапасын одан әрі арттыру, мұғалімдерді қолдау және дарынды балаларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну маңызды. Әр баланың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуға мүмкіндігі болуы – білімді әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың басты шарттарының бірі.