Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Кейінгі бес жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, «Келешек мектептері» жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп бой көтерді. Мұндай жұмыстар оқушылар үшін жайлы білім беру ортасын қалыптастырып қана қоймай, қала мен ауыл арасындағы білім сапасы айырмашылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Білім сапасының артуы оқушылардың жетістіктерінен де байқалады. Былтыр қазақстандық оқушылар 30-дан астам беделді халықаралық олимпиада мен ғылыми жобаға қатысып, мыңнан астам медаль жеңіп алған. Әсіресе ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерлерінің саны 10 есе ұлғайғаны ерекше атап өтуге тұрарлық. Бұл ауыл балаларына да сапалы білім мен қажетті мүмкіндік берілген жағдайда үлкен биіктерді бағындыра алатынын дәлелдейді.
Мемлекет басшысы ұстаздардың қоғамдағы мәртебесіне де тоқталды. «Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет» деген Президент сөзі мұғалім еңбегінің маңызын айқындай түседі. Педагогтерге қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің берілуі, олардың беделін арттыруға бағытталған шаралар – білім сапасын көтерудің маңызды тетіктері.
Дегенмен қол жеткізген нәтижелермен тоқтап қалуға болмайды. Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын одан әрі азайту, заманауи білім беру технологияларын енгізу, мұғалімдерді қолдау және әр оқушыға тең мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар жалғаса беруі қажет.
Бүгінгі білімге жасалған қолдау – ертеңгі елдің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырады. Сондықтан ұстаз мәртебесін көтеріп, мектептердің мүмкіндігін кеңейту және дарынды оқушыларды қолдау Қазақстанның бәсекеге қабілетті болашағын қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.