Аянбай жұмыс істеуге тиіспіз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері ерекше ықыласпен қабылдады. Президентіміздің осы сала қызметкерлеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсету туралы тапсырмасы ел руханиятының жаңа деңгейге көтерілуіне зор серпін берді.

Мемлекет басшысы Жолдауында: «Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылады. Бұл бастаманың игілігін 600 мың отандасымыз көреді», – деді.
Бұл да біз үшін үлкен қолдау болды. Жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі – мәдениет қызметкерлерін қолдау. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. Рухани байлық сыйлайтын мәдениет үйлері, ауылдық клубтар, театрлар, кітапханалар, бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер. Мәдениетке серпін беру шындығында да маңызды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауын халықтың бірлігі мен ынтымағы жайындағы сөздермен қорытындылағаны бекер емес. Экономикамыз ілгері дамығанымен, біздің басты күшіміз, берекеміздің өзегі ауызбіршілікте, елдегі келісім мен тұрақтылықта болып қала беретіні сөзсіз. Сондықтан да Президент ұсынған нақты істер бағытымен ортақ мүдде үшін аянбай жұмыс істеуге тиіспіз.

Сағи Мұздыбай,
аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.