Ауданда вакцинациялау жалғасуда

Мемлекет басшысы халық­тың денсаулығын бірін­ші орынға қойып отыр. Панде­мия кезіндегі өмірге бейімделу, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарға сену керектігін алға тартты.

Денсаулық сақтаудың барлық секторын тұрақты вакцинация жүйесіне дайындау маңыздылығына тоқталды.
Бүгінде әлемді дүрліктірген індеттің беті сәл де болса бері қарады. Күнделікті көрсеткіш осыдан бір-екі айға қарағанда біршама азайған. Соған қарамастан халықты жаппай вакцинациялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Бүгінде ауданда екпе салдыру керек 37759 адамның 35383-і, яғни 97.7 пайызы вакцинаның бірін­ші компонентін қабылдаған. Ал 32483 адам, яғни, 86 пайы­зы вакцинаның екінші компо­нентін салдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз деңгейінде жүргізіле береді. Қазіргі таңда халықтың сұранысына ие болған отандық өнім QazVac вакцинасы жеткілікті.
Жалпы, әрбір адам өз денсау­­лығына жауапты. Сондық­тан осындай жауапты кезеңге немқұрай­лы қарамай, екпе ектіргеніміз жөн.

Жадраш Тотаева,
аудандық орталық ауруха­наның иммунолог дәрігері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.