Бірлесу-Еңбеке балаларға арналған ойын алаңшасы қажет

Аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Құндызбаев Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Қабылдауда ауыл тұрғындары Гүлмира Сатыбалдиева «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаж, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға үй салып беру керектігін айтса, Перизат Оспанова елді мекеннен балаларға ойын алаңшасын салып беруге ықпал етуін өтінді. Ал Қайрат Амиров ауыл шетіндегі 1,5 гектар аумақты алып жатқан жиде талды отау керектігін тілге тиек етті.

Ауылдықтардың базынасын тыңдаған Асхат Асқарұлы көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.