ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ БЕСТЕРЕКОВ САҒЫНБЕК ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Бестереков Сағынбек Қыдыралыұлы, 1985 жылы 7 қазанда Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетін «Экология», 2013 жылы М.Сапарбаев атындағыОңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «Құқықтану», 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Таразуниверситетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтарыбойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 2011 жылы Сарысу аудандық халыққақызмет көрсету орталығында кеңесші болып бастадым. 2012-2026 жылдары Сарысу аудандық халыққа қызмет көрсетуорталығында кеңесші, Ерназар ауылдық округі әкіміаппаратының бас маманы, аудан әкімдігі дене шынықтыружәне спорт бөлімінің бас маманы қызметтерін абыройменатқардым. 2026 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейінаудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысықызметін атқарып келемін.

Отбасымда 6 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫМ АЙҚЫН

Әкім болу – округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибемді пайдалана отырып, алдағы төрт жылда төмендегі жұмыстарға баса назар аударамын:

– халықтың әл ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

округ тұрғындары мен ауыл жастарының бос уақытынтиімді пайдалану мақсатында спорт саласын дамыту;

аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігішектеулі жандарды назардан тыс қалдырмау, мемлекеттарапынан көрсетілетін көмектермен қамтамасыз ету;

аумақтың санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыру;

округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығызбайланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарынабелсенді араласуларын ұйымдастыру;

тозығы жеткен электр бағаналарын алмастыру;

ауыл көшелерін ретке келтіру, ескірген асфальт жабындыларын ағымды жөндеу, жол белгілерін орнатужұмыстарына басымдық беремін.

Қымбатты ауыл тұрғындары! Алдағы уақытта осы және өзгеде ауқымды жобаларды бірге атқаруға шақырамын.

Тапсырыс беруші: Қызылқайнар ауылдық округі әкімінекандидат Бестереков С.Қ.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.