Бірінші сыныпқа қабылдау қашан басталады және шарттары қандай?

Қазақстанда оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсыру маусымы басталды. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Министрлік бірінші сыныпқа қабылдауға қажет құжаттар тізімін ұсынды: Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата — анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама; 026/у-3 баланың денсаулық паспорты; Баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. «Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ, 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады», –деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров. Айта кетейік, жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.