Сәуірде қазақстандықтар қанша күн демалады?

Сәуір айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалатын болады, деп хабарлайды asaaqparat.kz тілшісі egov.kz порталына сілтеме жасап.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін келесі айда 10 демалыс, 20 жұмыс күні бар. Ал аптасына алты күн жұмыс істейін азаматтар 25 күн жұмыс істеп, 5 күн демалатын болады. Айта кетейік, сәуір айында елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер жоқ. Дегенмен, сәуірде кәсіби мерекелер атап өтіледі. Мәселен, сәуірдің бірінші жексенбісі — Геолог күні, 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні, 21 сәуір — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні болып бекітілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.