Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Ауылдағы кішкентай тұрғындардың бос уақытындағы әрбір қадамын қадағалау, олардың бос уақыттарын тиымды өткізу, балаларды тәрбиелік маңызы жоғары шараларға тарту, тәрбиеленушілердің санасын мәдени және рухани сергіту баршаға ортақ міндет.
Жамбыл аудандық мәдениет үйінің “Дарын” халық театры мен “Аса сазы” ән-би ансамблінің өнерпаздары аталмыш іс-шараның аясында “Ертегілер еліне саяхат” ертегі қойлымын балалар үшін арнайы сахналаған еді. Қойылымның режиссерлары Мәмбет Қожалиев, Нұргүл Бекқұлиева.
Сахналық қойлым қиял-ғажайып аңыздардан құрылған. Қойылымда заманауи персонаждар мен қазақ ертегілерінің кейіпкерлері топтастырылған. Ертегі қойылым оқиғасы орманда балын жоғалтып алған аңқау аю мен оның азығын ұрлап алған қу түлкінің құйтырқы әрекетінен басталады. Капитан Америка, өрмекші адам сынды шетелдік ертегі қаһармандар балалармен бірлесіп аюдың балын іздеп, тауып, балды түлкінің алғанын анықтап, оның қулық әрекетінен тиып, қырдың қызыл алдамшысын жөнге салады. Түлкі өз кінәсін түсініп, аюдан кешірім сұрайды.
Ертегідегі оқиға бала тәрбиесіне оң әсер етеді. Тәрбиеленушілердің өмірде жаман мен жақсыны, ақ пен қараны ажырата білуіне, олардың жақындарына қол ұшын беріп, қоғамдағы игі істерге белсене араласуына ықпал етеді.
Тамыз айының ортасынан бастау алған гостролдік сапар әлі жалғасын табуда. Аталмыш көшпелі театр кеше Қаракемер, Тоғызторау ауылдарына атбасын бұрған болатын. Ал бүгін Айшабибі, Гродекова, Жасөркен ауылдарына барды. Ауыл балалары мен олардың ата-аналары өнерпаздарға қуана алғысын айтуда. Үйде ұялы телефонға жіпсіз байланған оқушылардың мәдени-рухани тыныс алуына мүмкіндік ашатын іс-шаралардың көбейюі халық үшін қуанышты жаңалық.