Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Жаңа құрылым еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстырады.
Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болатынын атап өтті.
«Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, осылайша қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін бермек.
Мемлекет басшысы өз сөзінде елге қызмет етудің маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі әрдайым бәрінен биік тұруға тиіс.
Қасым Тоқаев Әділетті, Күшті Қазақстанды құру баршаға ортақ міндет екенін айтып, ел аманатына адал болу парыз екенін жеткізді.
Президент Құрылтай депутаттарына табыс тілеп, олардың осы жолда табанды еңбек ететініне сенім білдірді.
«Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Қазақстан Республикасы жасасын!» – деді Мемлекет басшысы.