Қоғамның тыныштығы мен елдің бірлігі әр азаматтың саналы ұстанымынан бастау алады. Әсіресе, діни мәселеде сауаттылықты арттыру – жат ағымдар мен радикалды идеологиялардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Осы мақсатта «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы А. Шадиев «Мансап» орталығының қызметкерлерімен кездесіп, «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында діни сауатсыздықтың қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды идеологиялардың таралу себептері және олардың алдын алу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі діннің тағылымы мен рухани құндылықтары кеңінен сөз болып, ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы айтылды. Әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни материалдарға сын көзбен қарап, олардың ақиқаттығына көз жеткізбей таратпау қажеттігі де ерекше назарға алынды.
Теолог А. Шадиев діни білімді тек білікті мамандардан алып, Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтай отырып, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ жастардың діни сауаты жоғары болған сайын қоғамның тұрақтылығы мен татулығы нығая түсетінін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, маман тарапынан жан-жақты әрі тұшымды жауаптар берілді.
Іс-шараға жалпы 15 адам қатысты.