Майдангерге қапысыз құрмет 

Ұлы Жеңіске-77 жыл.

Бүгінгі таңда Жамбыл ауданы бойынша 1 ғана Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

Бүгін «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымов соғыстың аудандағы соңғы майдангері Қасен ата Шанбаевтың шаңырағында болып, партияның құттықтау хатын табыс етіп, құрмет білдірді.

Биыл Ұлы Жеңіске 77 жыл толып отыр. Бүгінгі жарқын да бейбіт күніміз – сол кезде басқыншыға қарсы күресте жан беріп, жанқиярлығын көрсеткен аға ұрпақтың ерлігінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың күркірі алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешкен батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмасы анық. Боздақтардың есімін ұлықтап, ортамызда жүрген ардагерлерімізге құрмет көрсету – біздің, бүгінгі ұрпақтың борышы,- деді Рүстем Қалмұханбетұлы.

Қайнар: «Amanat» партиясы аудандық филиалының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.