Мәселелер шешімін тапқан

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу» туралы Жарлығына сәйкес аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектеріне мән берді. Еркін форматта өткен басқосуға аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев, аудан прокурорының орынбасары Сәкен Маратұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары және Аса, Рахат елді мекендерінің тұрғындары қатысты.

Кездесуде Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов округте тиянағын тапқан жұмыстарды тілге тиек етіп, алдағы жоспарлары туралы жан-жақты баяндады. Аса ауылынан берілген 811 жер телімінің 698 азаматқа жерге орналастыру жобасы дайындалып, 282 тұрғынға шешім шығарылғанын, жер учаскесіне ауызсу, газ құбыры жүргізілгенін, электр жарығын тартуға 501 млн теңге, ауылішілік жолдарды салуға қосымша 84,9 млн теңге қаржы қаралғанын, «Қуат» каналының ауыл ішінен өтетін тұсы бетондалып, қайта қазылып, жөндеуден өткізілгенін, тұрғындардың сұранысына сәйкес ауылішілік жолдарды, оның ішінде «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясының алдымен қоса Абай көшесінің бұрылысын асфальттауға қаржы бөлініп, конкурстық тәртіппен мердігер анықталып жатқанын, Рахат ауылындағы 71 аулаға газ құбыры тартылғанын, оның 46-сына газ кіргізілгенін, бүгінде рахаттықтар құжаттарды рәсімдеп жатқанын тілге тиек етті. Ас а ауылындағы жаңадан соғылған учаскелік полиция пункті ғимаратының ауласын абаттандыру және қоршау жұмыстарына 10 млн теңге қаржы қаралғанын, аудан орталығында заманауи әрі сапалы 8 бейнебақылау камерасы орнатылғанын, ағын су тапшылығын жою мақсатында 387 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізілгенін алға тартты. Округтегі жарықтандырылмаған С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов және Д.Қонаев көшелерін жарықтандыру жобасы 2023 жылдың бюджетіне енгізіліп, маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланғанын, Жетітөбе көшесіндегі тозығы жеткен трансформатор жуық күндері ауыстырылатынын, темір жолдың арғы бетіндегі тұрғындардың өтінішімен шағын футбол алаңын салуға 16 млн теңге қаржы бөлінгенін, даму жоспарына сәйкес аудандық мәдениет үйінің жанынан 100 млн теңгеге мұражай үйінің құрылысы басталғанын, мұрағат және жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысын жүргізуге жоба лық-смет а лық құжатт арын әзірлеуге қаржы қаралғанын, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арнап ескерткіш орнатылатынын, Ауған соғысы ардагерлерінің аллеясы жөндеуден өтетінін, Абай көшесінің бойы абаттандырылатынын, аудандық орталық кітапханаға арнайы ғимарат құрылысын жүргізуге құжаттар рәсімделіп жатқанын жеткізді. Өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы аудан көлемінде қолға алынған ауқымды жобалар туралы тарқата айтып, тұрғындардың талаптілегін тыңдады. Аса ауылының тұрғындары Әли Тәжімбетов «Қуат» каналындағы кемшіліктерді реттеу керектігін сөз етсе, Болат Бабашев көпқабатты тұрғын үйлердің жоғары қабатында орналасқан пәтерлерге келетін ауызсу қысымының төмен екенін айтты. Рахаттық Ержан Шәлімбетов ауылға мектеп қажеттігін және лотоктарды ауыстыру керектігін жеткізді. Ауыл жастары Ильяс Қалыбеков мүмкіндігі шектеулі жандарды жаңа ғимаратқа көшіру, Аса ауылындағы бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығын жылы сумен тұрақты қамту, пробация бөлімінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында жұмыспен қамту қажеттігін мәселе етіп көтерсе, Айжан Жиенбаева аудандағы жаңадан салынған және ескі атауы бар білім ордаларына Алаш және Қоғам қайраткерлерінің, қазақ жазушыларының есімі берілсе деген тілегін тілге тиек етті. Тұрғындарды мұқият тыңдаған өңір басшысы әр сауалға нақты жауап беріп, бірқатар мәселенің орындалу ретін түсіндірді. Кездесуден кейін аудан әкімі округ тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың тарапынан көтерілген мәселелерді назарға алды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.