Мемлекеттік қызметтің сапасы қандай?

Мемлекеттік қызмет көрсету – еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіші. Қазірде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, тиімділігін арттыру, сапасын жақсарту, онлайн көрсетілетін қызметтерді халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарының маңызы күннен күнге артып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Осыған орай аптаның басында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, қызметтер көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелердің түйінін тарқату мақсатында семинар өткізілді. Аудан әкімінің аппарат басшысы Самат Селеубаев ашып, жүргізген сындарлы семинарда мемлекеттік қызметтердің сапасы, халық пен қызмет беруші арасындағы байланыс деңгейі, қызмет алуда туындайтын қиындықтар және оны шешу жолдары туралы айтылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларға талдау жүргізу мәселелері және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібек, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғалия Боранбаева, облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдашев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Диана Искакова, облыс әкімі аппаратының заң қызметінің бас инспекторы Қарашаш Әубәкірова, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Айдар Тажиков, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Алмас Тулеубаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Жанәділ Құрбанов, «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-ның облыс бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкері Ғабит Құдайқұлов арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келген қонақтар семинар қатысушыларына мемлекеттік көрстілетін қызметтер саласында жиі орын алатын заң бұзушылықтар туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелері жайлы кеңінен түсіндіріп, баяндама жасады. Қатысушылар жұмыс барысында туындап жатқан мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сондайақ көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша ұсыныс-пікірлерін де білдірді. Семинар қорытындысында мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл саласын одан әрі жетілдіру, азаматтардың сұранысына дұрыс және объективті жауап беру, көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсыну барысында сапалы жұмыс жүргізу қажеттелігі айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.