Президент кеңесшісі ардагерлермен кездесті

🔰ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРЫНА ЖЕТКІЗБЕК

 

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ауданымызға жұмыс сапары кезінде аудан ардагерлерімен кездесіп, еркін форматта әңгіме өрбітті.

кездесуге облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсінбаев, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, облыс әкімінің кеңесшісі Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы қатысты.

Басқосуда ардагер Сайлаубек Ережепбаев Қостөбе ауылы маңында орналасқан кәріз суының көлемі ұлғайып келе жатқанын, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев теміржол аумағындағы тұрғындар орталыққа өтуі үшін поездардың астынан өтетінін, Оңласын Атыхаев Тоғызтарау елді мекеніне газ тарту қажет екенін, Орынбай Рысбаев Тараз қаласы маңындағы алпауыт «Казфосфат» зауытының үйіндісі жақын маңдағы ауылдарды ластап жатқанын және басқа да түйіндердің шешілуіне ықпал ету қажеттігін ашық жеткізді.

 

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған Мәлік Нұржанұлы көтерілген мәселелерді зерделеп, Президент назарына жеткізетінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.