Әсем әуенімен көрермен көзайымына айналды

Бүгін КСРО халық әртісі, халық қаҺарманы Роза Бағланованың 100 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Жарқын дауыс» атты облыстық ән байқауына қатысқан Жамбыл ауданының оқушысы Назнұр Марат жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, бүгін Назнұрдың ұстазы Айгүл Сатыбалдиеваныңда мерейі үстем.

Әуезді әуенімен көрермен көзайымына айналған оқушыны Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.