Қаракемерлік шаруалар өнім жинауға кірісті

Қаракемер ауылдық округі аумағында биыл 895 гектарға арпа, 65 гектарға қызылша, 10 гектарға қарбыз, 210 гектарға жоңыршқа, 90 гектарға мақсары орналастырылды. Қазіргі таңда 445 гектар арпаны 3 дала кемелері оруда.
Апта аралығында ауыл әкімі Жәнібек Әуелбаев 10 гектарға егілген Айгүл Жақсылықованың және Еркінбек Балқыбековтың 80 гектар мақсары алқабын аралап, шаруалар жайымен танысты.

Сондай-ақ егістігі алыстан менмұндалаған «Рәпілбек» шаруа қожалығының қарбызын көрді.
Қаракемерлік қарбыздардың биылғы өнімі жоғары. Судан тапшылық көрмеген қожалық өнімдерін жинап, өткеру жұмыстарын қолға алуда.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.