«Қазақстан халқына» қоры қаржыландыруды бастады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алғашқы қайырымдылық жобаларын қаржыландыруды бастады.

«Сараптама комитетінің шешімімен Қор реабилитолог-нұсқаушыларды оқыту және әлемдегі ең қымбат Zolgensma дәрісін сатып алу бойынша «Тұсаукесер» жобасын қаржыландырады», — делінген хабарламада.
«Тұсаукесер» жобасы Қазақстан өңірлеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын қолдауға бағытталған, онда ментальді және дене кемістігі бар балалар білікті мамандардың бақылауымен арнайы әдістеме бойынша спортпен шұғылдана алады. Жоба еліміздің төрт өңірінде нұсқаушы-реабилитологтарды оқытуды көздейді.

Қор жол шығындарын, тұруды, мамандарды оқытуды қаржыландырады. Нұсқаушылардың кейінгі еңбегіне ақы төлеуді балалардың ата-аналарымен байланыс жасайтын және балалардың дамуындағы тиісті дамуды қадағалайтын оңалту жөніндегі маманның тиісті бақылауынан кейін жүзеге асырады.
Жобаны іске асыруға 45,35 млн теңге жұмсалады. Жоба қордың Сарапшылық комитетімен (құрамында: С.Ж. Сәпиев — Комитет төрағасы, Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері; Б.К. Байжанов — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Г.Т. Манюрова. — Комитет хатшысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері; В.А. Левит — боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; Д.Р. Садуакасова — әйелдер арасындағы шахматтан халықаралық гроссмейстер, әлем чемпионы) қаралып, қолдау тапты.
Пилоттық өңірлер ретінде Атырау, Семей, Алматы және Шымкент қалалары таңдалды. Аймақтарда 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Садық Байымбетов негізін қалаған «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубының тәжірибесі қолданылады.

Елордалық клуб ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту (церебралды сал ауруы, Даун синдромы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы), оларды жекпе-жек түрлері бойынша спорт арқылы қоғамдық өмірге тарту (инклюзия).

Leave A Reply

Your email address will not be published.