Тұрғынның өтініші қабылдауда шешімін тапты

Аудан басшысы тұрғынның үйіне мамандарды жіберді

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Қаракемер, Аса ауылы тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген қаракемерлік Салтанат Қабылбекова жер учаскесіне бөгде азаматтың өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған алқапты бір бөлігі еніп кеткенін, көп жылдан бері осы мәселе шешімін таппай келе жатқанын айтты.
Тұрғынның талап-тілегін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы:
– Өткен жолы орталықта өзіңізбен жолыққаннан кейін, зерделеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Өзіңізбен бірге аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің мамандары үйіңізге арнайы барып, жерге орналастыру жобасын қайта әзірлеп, учаскеңіздің көлемін бекітіп, заңдастыру жолдарына көмектесетін болады, – деді өңір басшысы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.