Құрылтай-2026 – өңірлік мәселелер сайлауалды бәсекенің басты тақырыбы

«Әділет» партиясы «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясында еліміздің бірқатар өңірін аралап шықты. Көшпелі кездесулермен қатар Жетісу облысында тұрғындармен өзара байланыс пен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған «Әділет желкені» атты акция ұйымдастырылды. Сонымен қатар партиядан Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіретін қысқа бейнероликтер топтамасын бастады. Ол бейнеүндеулерінде бағдарламаның негізгі басымдықтарын еркін форматта, көлік тізгінінде отырып әңгімелейді. Алғашқы бейнеролигі Рудный мен Жітіқара қалалары арасындағы жұмыс сапары кезінде түсірілді.

Павлодарда партия кандидаттары қала тұрғындарымен тікелей қоғамдық көлікте жүздесіп, трамвайдағы күнделікті сапарды ашық пікір алмасу алаңына айналдырды. Негізгі іс-шаралар Маңғыстау облысында өтті. Мұнда партия өкілдері тұрғындармен кездесіп қана қоймай, еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ және балық шаруашылығы саласының мамандарымен, теңіз сервистік компанияларының қызметкерлерімен, кәсіподақ өкілдерімен және өндіріс ардагерлерімен жүздесті.

Кездесулер барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік және порт инфрақұрылымын жаңғырту, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, өнеркәсіпті өркендету, кадр даярлау және цифрлық экономикаға қажетті мамандарды әзірлеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Каспий теңізінің экожүйесін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жаңаөзен қаласының жұмысшы жастарымен өткен кездесулерде заманауи технологияларды енгізу, жаңа өндірістерді дамыту және адами капиталды нығайту мәселелері сөз болды

Leave A Reply

Your email address will not be published.