Мен, Ержан Жұбатұлы, 1992 жылы 14 сәуірде ӨзбекстанРеспубликасы, Навой облысы, Үшқұдық ауданы, Ұзынқұдықауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.
2013 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттікуниверситетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2016 жылы Гродиково ауылдық округі әкіміаппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойыншабағдарламашы болып бастадым. 2016 жылдың маусым айынанбастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы Гродиково ауылдықокругі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарыпкелемін.
Отбасымда 1 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеп отырмын.
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҰМЫТ ҚАЛДЫРМАЙМЫН
Ауыл – қазақтың қарашаңырағы. Оның киесін қастерлеп, ырыс-ынтымағын сақтап, көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Мен де осы қасиетті өңірдің төл перзенті ретінде туған ауылымның дамуына өз үлесімді қосуды азаматтық міндетім деп білемін.
Құрметті сайлаушылар!
Егер сіздердің қолдауларыңызбен ауыл әкімі болып сайлансам, төмендегі бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс атқаруға күш-жігерімді жұмсаймын.
– ауылішілік көшелерді жөндеу және жарықтандыру жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал ету;
– ескірген көше жолдарын кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу;
– Қызылқайнар ауылдық округіндегі электр желілерін жаңарту жұмыстарына қолдау көрсету;
– ауылдық округте интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсартуға ықпал ету;
– мемлекеттік бағдарламалар арқылы төмен пайыздық несиеалып, кәсіп ашуға және отбасылық бизнесті дамытуға ауылтұрғындарына қолдау көрсету;
– жаңа тұрғын үй алқаптарын газ және электр желілеріменқамтамасыз ету жұмыстарын аяқтауға ықпал ету;
– спорт кешенін, жастарға арналған демалыс орындарын жәнебалалар ойын алаңдарын салу жұмыстарын жүзеге асыру;
– жер кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшінжер телімдерін беру жұмыстарын жеделдетуге ықпал ету;
– жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін ұлғайтуға, бюджетқаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етуге күшсалу.
Құрметті жерлестер!
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін білімім мен тәжірибемді, күш-жігерімді туған ауылымның дамуына арнаймын.
Тапсырыс беруші: Қызылқайнар ауылдық округі әкімінекандидат Жұбатұлы Е.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражатыесебінен төленді.