Тараз қаласында соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Жолдардың өткізу қабілетін арттыру, қоғамдық көлік сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобалар шаһардың көлік жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беруде.
Бүгінде қаладағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Абай даңғылы бойындағы темір жол үстінен өтетін жол өткелі мен жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін көлік қозғалысының қауіпсіздігі артып, жолдағы кептеліс азаяды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, қаланың көлік логистикасы едәуір жақсарады.
Қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту да жүйелі түрде жалғасып келеді. Қала әкімдігі бекіткен даму жоспарына сәйкес жыл сайын 70 жаңа автобус сатып алу көзделген. Осы жоспар аясында биылғы жылдың басынан бері қалаға 10 жаңа автобус жеткізілді.