Тараз тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалады

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ШАҺАР ТҰРҒЫНДАРЫНА ӘН САЛДЫ

Бүгін Тараз аспаны әуезді әнге бөленіп, Жамбыл ауданының өнерпаздары шаһар тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Кешкі салқынмен басталған «Әуенді Тараз кештері» атты концерттік бағдарлама «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде өтті.

Ашық алаңда өткен кеште Тараз тұрғындарына арналып,  «Әдемі-ай» тобының бұрымды арулары «Жаса Қазағым»,»Сенесің бе?»,»Әдемі-аймен бірге»,»Үмітім гүлім» әуендерін шырқаса, «Салбұрын» тобы «Алатау»,»Қыздар-ай» әндерін әуелетті. Ал «Үміт» тобы «Қыздарда достық болмайды»,»Ағайын дос», «Бақытты әйел»,»Гүл, гүл жайна» Еркеледің сен» әндерін орындады. Сондай-ақ қала тұрғындары назарына «Қазағым»,»Қыздар-ай», «Туған ел»,»Бозбала бойжеткен»,»Қозы көрпеш, Баян сұлу»,»Күмбүр-күмбүр»,»Арман-ай»,»Маралдым»,»Сенің ғана»,»Жайна Жамбылым»,»Бақытты әйел»,»Мен қазақтың ұлымын»,»Алғыс»,»Дей салдым-ай»,»Арманым, қиялымын»,»Алға»,»Сәлем Астана»,»Домбыра» әндері айтылып, кеш «Атамекен әуенімен түйінделді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.