Жамбыл облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жаңа деңгейге көтерілуде

Жамбыл облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жаңа деңгейге көтерілуде. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы жүзеге асырып отырған бағдарламалар нәтижесінде жүздеген кәсіпкер жеңілдетілген қаржыландыруға, кепілдікке және субсидиялау тетіктеріне қол жеткізіп, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын құруға және бизнесті кеңейтуге мүмкіндік алды.

2025 жылдан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін өңірде жалпы құны 77,77 миллиард теңгені құрайтын 1006 кәсіпкерлік жобасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлер арасында сұранысы жоғары екенін және олардың нақты экономикалық нәтиже беріп отырғанын көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.