Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі шомылу маусымының өту барысы талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі шомылу маусымының өту барысы талқыланды.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 12 орын белгіленген. Бұл аумақтарда тәулік бойы 6 стационарлық және 6 мобильді құтқару жасағы кезекшілік етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 құтқарушы, 8 жүзу құралы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.

Шомылу орындарында қызмет атқаратын 12 құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсету және суда құтқару бойынша 40 сағаттық арнайы даярлықтан өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.