ШОҚАЙЛЫҚ ЕРНАТ «АЛТЫН ТҰҒЫР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Бүгін «Қазмедиа» орталығының концерттік залында «Алтын Тұғыр-2021» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Алтын тұғыр» ұлттық спорт сыйлығын тапсыру шарасы биыл сегізінші мәрте жоғары жалауын көтерді
Марапаттау рәсімінде 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, лайық деп танылғандарға «Алтын тұғыр» сыйлығы табыс етілді.
Салтанатты шарада көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге және құсбегілік спорт бойынша жыл үздіктері, сондай-ақ, «Үздік төреші», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік федерация», «Үздік жоба» жаңа есімдер аталды.
Қазақтың ұлттық құндылықтары ұлықталған шарада Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шоқай ауылының тумасы, 21 жастағы әулиеаталық шабандоз Ернат Мәлімбай «Ең үздік шабуылшы» номинациясының жеңімпазы атанды.
Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан арнайы сыйлықты табыс етті.

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.