Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірнеше елдің әуе кеңістігі уақытша жабылып, мыңдаған турист сапарын жалғастыра алмай қалған еді. Соның ішінде Дубай қаласында жүрген қазақстандықтар да елге қайта алмай, уақытша кідіріп қалды.
Қазақстан билігі азаматтарды елге қайтару үшін арнайы эвакуациялық рейстер ұйымдастыруда. 3 наурыз күні алғашқы рейстер арқылы 306 жолаушы Астана мен Алматы қалаларына жеткізілді.
Қазіргі таңда эвакуация кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Әуе компаниялары мен мемлекеттік органдар бірлесіп, шетелде қалған азаматтарды қауіпсіз түрде елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда.