Құтыру ауруы адамдар мен жануарлар арасында кездесетін табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы вирус (РНК) (оқ пішінді) орталық жүйке жүйесін зақымдай отырып өлім жағдайына әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру .
Ауру қоздырғышының негізгі тасымалдаушы «көзі» қасқыр, түлкі, шибөрі, сілеусін, жабайы мысық (мәлін) басқа да жабайы аңдар, жарқанат және үй жануарлары болып табылады.
Эпидемиологиясы: (Құтыру ауруы қалай жұғады ?)
Құтыру ауруының вирусы иесіз қаңғыбас ит, мысықтарға жабайы аңдармен таласқанда жұғады. Ал адамдарға ауру жануарлар тістегенде, тырнағанда және сілекейлегенде жұғады. Жұғу көзі көп жағдайда итттерден 60-70 пайызда жұғады.
Құтыру ауруының алдын алу шараларының ішіндегі ең маңыздысы жануар тістегенде, тырнағанда, сілекейлегенде тез арада емханаға дәрігерлік қабылдауға барып, құтыруға қарсы вакцинамен ем қабылдау керек.
Құтырудың белгілері ( клиникасы):
Аурудың басталу кезеңі 1-3 күнге созылады. Үрей және қорқынышпен сипатталады. Аурудың жалпы жағдайы нашарлайды, басы ауырады, дене қызуы 38-40 көтерілуі мүмкін. Науқас селсоқ болады, қорқынышты түстер көреді. Ұйқысыздық пайда болады. 2-3 күннен кейін тынышсыздық пайда болады. Жүрек соғуы мен тынысы жиілейді, тыныс алу және жұтыну қиындайды, кейіннен су көрсе немесе су деген сөзді естігенде судан қорқу (гидрофобия) ұстамасы пайда болады. Ауру су іше алмайды. Жарықтан қорқады. Ауруда ауа қозғалысынан қорқу белгілері (аэрофобия) пайда болады. Ауру желпігенде пайда болатын желден де қорқады. Осы кезеңде ауруда сандырақтау және есту, көру галлюцинациялары пайда болады. Адамды қинайтын сілекей ағу және қатты терлеу мазалайды. Науқас ұстама кезеңінде тыныс алудың және жүректің тоқтауынан қайтыс болады.
Құтырудың алдын алу шаралары:
Жарақаттанған жағдайда адамдар құтыруғақарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жерібойынша медициналық пункттерге медициналық көмекке қаралуы керек. Тістеген жарақаттысабынды таза сумен жуып, жарақат айналасынйодпен залалсыздандырып, міндетті түрдеантирабикалық егу алу тиіс. Әрбір жарақат алғанадамды өлімнен алып қалудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде құтыруға қарсы екпе алу. Құтыруға қарсы егу алдында және егу курсыныңаяқталуынан кейін кем
дегенде 6 ай бойына алкоголь ішуге, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты суықтауға болмайды. Бұл ережелерді сақтамау иммунды жүйеніңқызметін бұзады, бұл құтырудың дамуына жәнеөлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Егерде белгіліжануардан жарақат алған болса жануарды мал дәрігеріне көрсету керек, мал дәрігері 10 күндікбақылаудан өткізіп, сау болса анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егутағайындалады. Ал егерде адамды жарақаттанғанжануар жоғалып кетсе, өліп қалса немесеөлтірілген жағдайда 5 рет егу тағайындалады. Балаларды жануарлардан аулақ ұстап, дер кезіндемал дәрігерін шақыру керек. Адамдыжарақаттанған жануарды өлтірмей қамап немесебайлап ұстау керек. Ит, мысық, мал асырайтынболсаңыз, мал дәрігеріне көрсетіп, кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұрыңыздар.
Жамбыл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы: Ғ.Ә.Әбділда